Астана әкімдігінің Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары тергеліп жатыр. Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Олар 2020-2023 жылдар аралығында республикалық, шетелдік оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы бюджет қаражатын жымқырып келген. Заңсыз қаражатты мекеме басшылығы алып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын – 70 млн теңге", – делінген хабарламада.
Дирекция басшылығы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге пара алғаны да анықталды.
Оқи отырыңыз: Қытай сыбайлас жемқорлықпен қалай күресті?