Тікелей эфир

Қырғызстанда жасөспірімдер жаңа жылдық шыршаны жарып, теракт жасамақ болды

16 жастағы жеткіншектер "Ислам мемлекеті – Вилаят Хорасан" лаңкестік ұйымының мүшесі болған.

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында жаңа жылдық шыршаны жарып, теракт жасамақ болған «Ислам мемлекеті – Вилаят Хорасан» халықаралық лаңкестік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік-исламистік тобының бөлімшесі) кәмелетке толмаған екі мүшесі ұсталды. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұйымға 16 жастағы жасөспірімдер интернет арналары арқылы қабылданған. Шетелдік эмиссарлардың нұсқауымен олар Жалал-Абад қаласының орталық алаңындағы бас шыршаның жанына қолдан жасалған жарылғыш зат қоймақ болған. Бұған қоса, олар шіркеуге лаңкестік әрекет пен қарулы шабуыл жасауды жоспарлаған.

Тәркіленген мобильді құрылғыларды тексеру теракт дайындаудың бұлтартпас айғақтарын анықтады: эмиссарлармен хат алмасу, іс-шаралар жоспары, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жасау бойынша нұсқаулық және топ жетекшісіне берген антының бейнежазбасы.


Оқи отырыңыз: Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 237 қатысушысы ұсталды


Құқық қорғау органдары лаңкестік бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған жасөспірімдер кәмелетке толмағандарға арналған уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында олардың Қырғызстан аумағында қылмыстық байланыстарын анықталуда.

Серіктестер жаңалықтары