Мұның себебі – халықтың арзан да зиянды тамақ тұтынуға көшкені.
Қазақстанда осы азық-түлік бағасының күннен-күнге шарықтауы тұрғындардың артық салмақ жинауына әкеліп жатыр. Өйткені, пайдалы тағамдарды қалтасы көтере бермейтін тұрғындар арзан әрі зиянды өнімдерді көптеп пайдалануға көшкен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Денсаулық" қауымдастығы жүргізген зерттеу нәтижесінде елдегі 18-25 жас аралығындағы азаматтардың 22 пайызында, 50 жастан асқан адамдардың 62-64 пайызында артық салмақ бары анықталған. Өйткені, бағаның күрт өсуіне байланысты адамдар денсаулыққа пайдалы жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін тұтынуды азайтқан.
"Денсаулық" ұлттық қауымдастығы Қазақстандағы ірі емханалардың бірінде зерттеу жүргізген. Оған қатысқан респонденттердің басым бөлігі табысының жартысын азық-түлікке жұмсайтынын айтқан. Соның кесірінен ересектер бағасы қолжетімді, бірақ тез семіртетін картоп, күріш, макарон өнімдерін, ал жастар фаст-фуд, газдалған сусындар мен кондитерлік өнімдерді шамадан тыс тұтынып жүргені анықталған.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда балалардың 7 пайызға жуығы семіздікке шалдыққан
- Қазақстанда 14 жасқа дейінгі әрбір жетінші бала семіздікке шалдыққан
"Зерттеу кезінде бізді әсіресе жастардың тамақтану мәселесі алаңдатты. Олар қазір денсаулығын күтіп жүрген жоқ. Не болса, соны ішіп-жейді. Олар болашақта ауру табатыны анық", – дейді "Денсаулық" қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы 50-ден асқан азаматтардың көбінде жүрек, қатерлі ісік, диабет, созылмалы аурулары бар екені анықталған. Мамандар мұндай кеселдер көбіне дұрыс тамақтанбаудың кесірінен болатынын айтады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
175
-
0
-
2
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
161
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
153
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
130
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
128
-
0
-
2
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
119
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
114
-
0
-
1
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
110
-
0
-
1
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
111
-
0
-
1
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
108
-
0
-
0
-