Қуантыров: Теңгенің құнсыздануы біздің экспорттаушыларға тиімді

Министрдің айтуынша, өнімінің 80-90 пайызын экспорттап, 10 пайызын ғана ішкі нарыққа өткізетін кәсіпорындар бар.

Теңгенің негізгі сауда серіктестеріміздің валютасына қатысты құнсыздануы біздің экспорттаушыларға тиімді, деді Ұлттық эконмика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында.

"Негізгі сауда серіктестеріміздің валютасына қатысты теңгенің құнсыздануы біздің экспорттаушыларға тиімді. Өнімінің 80-90 пайызын экспорттап, 10 пайызын ғана ішкі нарыққа өткізетін кәсіпорындар бар. Барлығы сұранысқа байланысты", – деді Әлібек Қуантыров.


Оқи отырыңыз: Сауда министрі: Қазақстан азық-түліктің 40 пайызын Ресейден алады


Сонымен қатар министр ұлттық валютаның Мәскеу биржасында саудалануына қатысты пікір білдірді.

"Бұл – жақсы көрсеткіш. Демек, теңгеге сұраныс бар. Бұл үрдіс теңгенің рубльге және басқа валюталарға қатысты нығаюына ықпал етеді, инфляцияға да жақсы әсер етеді. Өйткені, біз тауарлардың бір бөлігін, азық-түлік өнімдерін Ресейден импорттаймыз. Рубль-теңге паритетіне келетін болсақ, бұл теңгенің нығаюына оң әсер ететін шығар", – деді министр.

Министрдің айтуынша, биыл теңге өзінің айтарлықтай күшті және тұрақты валюта екенін көрсеткен.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Серіктестер жаңалықтары