Тікелей эфир

Қостанай облысында су тасқынынан екі көпір зақымданды

Қостанай облысында 51 жеке тұрғын үй су астында қалды.

Қостанай облысында су тасқынынан екі көпір зақымданды. Жағдайға қатысты облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы түсініктеме берді.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін үш көпірдің бірі қаланың өзінде орналасқан «Корей көпірі» жабылса, Науырзым ауданындағы екінші көпір бүгінде апаттық жағдайда. Әкімдік бұл көпірдегі көлік қозғалысын шектеу туралы да ресми растауды күтуде.

Басқарма Қостанайдағы «Корей көпірін» қалада су деңгейі көтерілген кезде су шайып кеткенін, қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Осы екі көпірдің арасындағы  жол төсемі жарылып кетті. Енді қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз. Уақытша жүретін жол ашылмайды, қалпына келтіруге апта уақыт кетеді деп ойлаймын», – деді Қостанай облысы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Олжас Нұрғалиев.


Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккендердің салық төлемдері қалай шегеріледі


Сондай-ақ, ол Науырзым ауданындағы көпірдің жағдайы туралы айтты.

«Қазір көпір апатты жағдайда. Мамандар жұмыс істеп жатыр. Жақын жерден айналма жолды жасағымыз келеді. Бізде оның апатты жағдайда екендігі туралы құжат бар, содан кейін ресми түрде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісеміз және мемлекеттік сараптамадан өткіземіз. Одан кейін барып ойымызды жүзеге асыруға кірісеміз», – деді Олжас Нұрғалиев.

Серіктестер жаңалықтары