USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

ҚМА World Business Consulting қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Компания ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған.

ҚМА елордалық департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады ҚР қаржылық мониторинг агенттігі. 

Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады. 

"Бұл ұйым өзін қоржындық инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етуге жатпайды", – делінген ҚМА хабарламасында. 

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.


Оқи отырыңыз: ҚМА рейдерлік әрекетпен айналысқан топты құрықтады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау