Новости спорта

ҚХП әйелдерді зейнет демалысына 58 жаста шығаруды ұсынды

Партия, сондай-ақ, әрбір қазақстандыққа пайдалы қазба өндірісінен түскен табыстан үлес беруді талап етіп отыр.

Қазақстан халық партиясының парламенттік фракциясы ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша өз ұсыныстарын берді. Олардың негізгілеріне тоқталамыз:

  • Әйелдердің зейнет жасын 58-ге қайта түсіру. 
  • Кепілді әлеуметтік көмек. Яғни, азаматтарға жасына, ауруына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де заңды негіздерге байланысты төменгі кепілді әлеуметтік көмек көрсету. 
  • Әрбір қазақстандыққа пайдалы қазба өндірісінен түскен табыстан үлес беру. 

Оқи отырыңыз: 


"Қазақстандықтардың жерге және жерасты пайдалы қазбалар өндірісінен табыс көруіне конституциялық құқығы боулы керек", – делінген партияның мәлімдемесінде.

  • Инфляцияның өткен жылғы көрсеткішінен жоғары деңгейде зейнетақы, шәкіртақы және жәрдемақыны міндетті түрде индекстеу. Партия өкілдері бұл мәселе парламент шешіміне тәуелді болмауы керектігін айтады.
  • Үкіметтік парламентке есептілігін конституциялық негізде бекіту.

ҚХП өкілдерінің айтуынша, егер министрлердің есебі бекітілмесе не оған парламент өкілдері сенімсіздік танытса, олар отставкаға кетуі тиіс.

Informburo.kz арнайы хабарларын YouTube желісінде көріңіз.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары