Қазақстанда Конституциялық сот судьялары да бір рет сегіз жылға сайланады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында мақұлданған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы" заң жобасында жазылған.
Заң жобасын таныстырған Әділет министрі Қанат Мусин бұл тәжірибе еуропа елдерінде қолданылатынын жеткізді.
"Әлемдік практикаға сәйкес, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын адамдардың өкілеттік мерзімінен асып кетуі керек. Мысалы, Германия, Италия, Испания, Португалия және басқа да бірқатар елдердің конституциялық соттары осылай қалыптасады. Бұл Конституциялық Сот судьяларының әртүрлі саяси күштердің әсерінен тәуелсіздігінің негізгі кепілі", – деді министр.
Парламент депутаттары аталған заң жобасын екі оқылымда да мақұлады.
Оқи отырыңыз:
- Парламент президентті бір мерзімге сайлайтын жүйені жақтап дауыс берді
- Парламент елорданың атауын Астана деп өзгертуді мақұлдады