USD: 485.1 / 489.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанның бас мешітінің күмбезі мен есіктері Гиннесс рекордтар кітабына енуі ықтимал

Күмбез диаметрі 63 метр болса, әрбір есіктің салмағы 1,5 тонна.

Астана қаласында биыл ашылған Қазақстанның бас мешітінің күмбезі мен есіктері Гиннесс рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаевтың "Иман" діни-танымдық берген сұхбатында айтты. 

Бас мешіт әлемдегі ең ірі 10 мешіттің қатарына кіреді. 

"Үлкен кілем ортасындағы диаметрі 70 метр болатын медальон және биіктігі 83,2 метр, ал диаметрі 62 метрді құрайтын негізгі күмбез Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Төрт мұнарасының әрқайсысы 130 метрге дейін жетеді. Соның ішіндегі "Туристік мұнара" мешітке келуші жамағаттың елорданы биіктен көруіне мүмкіндік береді. Биіктігі 12 метрден асатын, салмағы 1,5 тонна тартатын есіктер де Гиннестің рекордтар кітабына енуі ықтимал", – деді Марат Жаппасбаев.

Оның айтуынша, мешіттің қақпасы, яғни, үлкен есіктері тропикалық Африкада өсетін ироко деген ағаштан әзірленген. Бұл ағаштың ерекшелігі қысы-жазы бір күйді ұстап тұрады, ешқандай деформацияға ұшырамайды.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз