Тікелей эфир

Нұрсұлтан Назарбаев елордада Қазақстанның бас мешітін ашты

Мешітте бір уақытта 230 мыңнан астам адам құлшылық жасай алады.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның бас мешіті ашылды. Оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

"Бүгін, қасиетті жұма күні қаламызда еңселі мешіт ашылғалы отыр. Бұл елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының бас мешіті деп аталады. Мен мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігімді тоқтатардан бұрын осы мешіттің алғашқы кірпішін қаладым. Аллаға жүгініп, халқымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігі ұзағынан болын деп тіледік. Асыл дінімізге осылай қызмет етуді парызым деп білдім. Бұл мешіт – әлемдегі ең ірі мешіттердің бірі. Мешіт құрылысын жеке инвесторлар қаржыландырды. Мемлекет бюджетінен құрылысқа ақша жұмсалған жоқ. Мен қазақстандықтарды бүгінгі жарқын оқиға – астанамыздағы мешіттің ашылуымен құттықтаймын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев

Мешіт орналасқан жер учаскесінің алаңы – 10 га. Оның жалпы алаңы – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр.

Сонымен қатар, мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан.

Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар.

Мешіт іші. Фото: Грерард Ставрианиди

Мешіт іші мен ауласында бір мезетте 235 мың адам қатар тұрып намаз оқи алады. Оның ішінде мешіт ішінде 30 мың ер адамға және 5 мың әйел адамға намаз оқуға мүмкіндік бар. Сыйымдылығы жөнінен республикалық бас мешіт әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына енді.

Мешіттің үлкен залына ілінген ортадағы таза шыны (хрусталь) аспашамы әлемдегі ең үлкен аспашамдардың бірі болып саналады. Оның диаметрі – 27 метр, салмағы 20 тонна. Ол да түрлі көлемдегі хрусталь панельдерден құралған. Барлық хрусталь жеті түстегі 3 614 833 бөлшектен тұрады, әрқайсысы қолмен жиналған. Үлкен люстра 1.360.890 хрусталь бөлшектен құрастырылған. 

Аспашам. Фото: Герард Ставрианиди

Сондай-ақ, мешітте құдайы астар, қайырымдылық іс-шаралар өткізуге арналған 440 орындық асхана бар. Ал мешіттің жертөлесінде 405 орындық жабық автокөлік паркингі орналасқан. Сондай-ақ, жамағаттың келуіне қолайлы боулы үшін мешіт астынан арнайы туннель салынған. Қалалық автобустар жерасты жолындағы аялдамадан жолаушыларды мешітке қалдырады. Қала тұрғындары дәл мешіттің қасына дейін қоғамдық көліктермен келе алады. 

Серіктестер жаңалықтары