Қазақстанға 11 елден келуге шектеу қойылып, Египетпен әуе байланысы тоқтайды

"Омикрон" штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күн үй карантинінде оқшауланады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

Коронавирустық инфекцияның "Омикрон" штамының пайда болуына байланысты оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды:

  • Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
  • "Омикрон" штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін екпесі бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу.
  • "Омикрон" штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс.

Оқи отырыңыз: Экономист: Жаңа штамның таралуының Қазақстан экономикасына оң тұсы да болуы мүмкін


 Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

  • Бельгияда, Египеттен келген адамнан "Омикрон" штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру.
  • Қазақстанда айналымда жүрген короновирустық инфекция штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстарын жалғастыру.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз