Соңғы екі жылда орташа өмір сүру жасы 0,1 жылға ұзарған.
Қазақстан халқының орташа жасы 31,8 жасты құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 20 жыл көлемінде азаматтардың орташа өмір сүру жасында айтарлықтай өсім жоқ. Мәселен соңғы 2 жылда орташа өмір сүру жасы небәрі 0,1 жылға ұзарыпты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Осыдан он жыл бұрын мемлекеттік басқару саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жасы 37,2 болса, қазір бұл көрсеткіш 38 жас. Сондай-ақ, осы жылғы есеп бойынша Қазақстанда 6,5 миллионға жуық бала мен 18 жасқа толмаған жасөспірім тұрады. Олардың 51,5 пайызы ер балалар, ал қалған 48,5 пайызын қыздар құрайды.
Экономист Мақсат Серәлінің пікірінше, орташа жасы 40 жастан асып жығылатын Еуропа елдерімен салыстырғанда Қазақстан өте жас мемлекеттердің қатарына жатады. Ал бұл экономикалық тұрғыдан елге инвестиция салу үшін өте қолайды. Сондай-ақ, зейнетақы жүйесі үшін де бұл көрсеткіштің тиімділігі зор.
"Жылдан жылға жастардың саны өсіп келеді. Биылдың өзінде Қазақстанда 18-ге толғандардың саны 350 мыңнан асты. Олар алдағы уақытта еңбек нарығына қосылып, болашақта зейнетақы жүйесіне өте жақсы активтер алып келеді", – деді экономист Мақсат Серәлі.
Оқи отырыңыз: 25 жылда Қазақстан өңірлерінде халық саны қалай өзгерді? Инфографика
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-