Алдағы аптада қазақстандықтарды Наурыз мейрамын тойлауға байланысты ұзақ демалыс күтіп тұр. Олар 21 наурыздан 25 наурызды қоса алғанда бес күнге созылады, оның үшеуі – мерекеге орай.
Тиісінше, келесі жұмыс аптасы қысқартылады – небәрі үш күн. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан бес күндік кестемен жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні 25 наурызға ауыстырылады.
14 наурызда Қазақстанда Наурызнамның мерекелік онкүндігі басталды. Кезеңнің әрбір күні қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған. Сондай-ақ елімізде Наурыз-Базарлық маусымы 23 наурызға дейін жалғасады. Бұл күндері жәрмеңкелер мен сауда-саттықтар өтеді.
Оқи отырыңыз: Көктемгі каникул 2024: Оқушылар неше күн демалады