Тікелей эфир

Қазақстандық спортшылар Азия пара ойындарында бірінші және екінші орын иеленді

Ақтық белдесуде ел намысын арқалаған екі астаналық пара дзюдо шеберлері кездесіп, Ерғали Шамей IV жазғы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарының аясында Ұлттық құрама сапындағы Астана қаласының спортшылары пара дзюдодан бірінші және екінші орынды иеленді.

Пара дзюдодан J1 санаты бойынша (мүлдем зағип атлеттер) 73 келіге дейінгі салмақта алғаш рет Азия Пара ойындарында екі қазақ спортшының ақтық белдесуде кездесетін болған.

Ақтық белдесуде ел намысын арқалаған екі астаналық пара дзюдо шеберлері кездесіп, Ерғали Шамей IV жазғы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды, ал Асылан Нұрдәулетовке күміс жүлде бұйырды.


Оқи отырыңыз: Олжас Оразәліұлы Азия пара ойындарының чемпионы атанды.


Ханчжоу төріндегі IV жазғы Азия Пара ойындарында пара дзюдодан 73 келі салмақ дәрежісіндегі жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстанның делегация өкілі тарапынан Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов арнайы қатысып, қос қазақ спортшыларын марапаттады.

Осылайша, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарының төртінші күні Астана қаласының пара дзюдошылары Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтынды және бесінші күміс медальді салды.

Серіктестер жаңалықтары