Тікелей эфир

Қазақстандық 2 мың азамат ағылшын тілін тегін меңгереді

АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы 30 оқушыға сертификат табыстады.

Алматы облысының Талғар қаласында Access бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, оның аясында АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Еркін бағдарламаның болашақ 30 қатысушысына сертификат табыс етті. 

Бұл сертификат жоғары сынып оқушыларының ағылшын тілін екі жыл бойы тегін үйренуіне мүмкіндік береді. Қазақстан бойынша бұл бағдарламаға барлығы 2 мың адам қатысады. 

"Құрметті оқушылар, Access отбасына қош келдіңіздер! Сіздер Қазақстан бойынша Access-тің екі мыңнан астам мүшесіне қосыласыздар. Алдағы екі жылда тынбай еңбек етіп, отбасыңыздың қолдауымен жетістікке жетесіздер. Мен шет тілін үйрену қиын екенін өз тәжірибемнен айта аламын. Қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін, оңай емес. Бірақ көп оқып, көп сұрақ қою жемісін береді. Былай келісейік! Сіздер Ағылшын тілін оқыңыздар, ал мен қазақ тілін үйренуге барымды саламын", – деді Мишель Еркін. 

Фото: АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы

Ол, сондай-ақ, бағдарламаның басшысы мен ұстаздарына Сәуле Симамбаева, Ақерке Бек және Айгүл Мадиеваға және шараға арнайы қатысқан Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбековке алғыс білдіріп, Talgar Access бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына жоғары баға берді. 


Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы: Әдемі әрі қонақжай елге қайта оралғаныма қуаныштымын


 

Серіктестер жаңалықтары