Тікелей эфир

Қазақстандағы банкрот болған адамның портреті: ең жасы – 19, ең үлкені – 76 жаста

Қазіргі уақытта 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде осы жылдың статистикасы негізінде банкрот жеке тұлғаның портретін жасады.

Қазіргі уақытта 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы берешегін төлемей жүрген 58% ер және 42% әйел азаматтар.

Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды, оның 58%-ы ерлер және 42%-ы әйелдер.


Оқи отырыңыз: Өзіңізді банкрот деп танып, қарыздан құтылу үшін не білу қажет? Ең түсінікті нұсқаулық.


Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы – 36-дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы банкроттардың 35% құрайды. Ең жасы – 19 жаста болса, қарты – 76 жаста. Азаматтардың бұл санаты тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты жоқ.

Серіктестер жаңалықтары