Тікелей эфир

Қазақстанда жазғы дөңгелекті ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салына бастады

Ең төменгі айыппұл –5 айлық есептік көрсеткіш.

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жазғы дөңгелектер үшін айыппұл салу басталды. 2024 жылдың 1 наурызына дейін жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті.

Алматы полиция департаменті бұл техникалық регламентте талап етілетінін атап өтті. Бұзушылықтар анықталса, полиция қызметкерлері бұзушылықтар жойылғанға дейін көлікті тоқтатып, нөмірді алып қоюға құқылы. Ең төменгі айыппұл мөлшері – 5 АЕК (17 250 теңге). Жүргізуші бір жыл ішінде қайталап тәртіп бұзса, айыппұл 10 АЕК (34 500 теңге) құрайды.

"Бұл – қауіпсіздік талабы, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашын бастала салысымен бейберекеттік басталады. Бұл негізінен жүргізушілердің қысқа дайын болмауынан туындайды", – деді Алматы қалалық жол полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер


 

Серіктестер жаңалықтары