Көбіне бұл қызмет түріне 30-40 жас аралығындағы адамдар жүгінеді.
Қазақстандық жарнама сайттарында "ақылы дос" қызметін ұсынушылар бар. Олардың қызмет ақысын төлесе, сырыңызды сағаттап тыңдап, көңіліңізді табуға тырысады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазақстанда бұл қызметке сұраныс бар екен, сондықтан мұндай жарнама саны да еселеп артқан. Бұл мәселені зерттеген арна тілшісі Диана Сапарқызының хабарлауынша, "ақылы дос" қызметінің онлайн да, офлайн да түрі бар екен. Қызмет ақысы – сағатына 4 мың теңге. Көбіне бұл қызмет түріне 30-40 жас аралығындағы адамдар жүгінетіні белгілі болды.
"Менімен ақшаға дос болатындардың көбі кәсіпкерлер. Жақсы табыс табатындар әдетте жалғызсырап жүреді. Олар қарапайым адамдармен әңгімелесуге зәру десем болады. Өзіме қызметіме жүгінгендермен барлық тақырыпта әңгіме құрамын", – дейді "ақылы дос" қызметін ұсынушылардың бірі Александр Ляпин.
Оқи отырыңыз:
- "Орысқұл, хайпожор, мәңгүрт". Әлеуметтік желіде пікір жазғанда нені ескеру керек?
- 2022 жылы "Бастау Бизнеске" қатысушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Психологтар бұл қызметке сұраныстың артуын адамдардың бала кезінде ата-ана мейіріміне бөленбегенімен байланыстырады. Сондай-ақ, әке-шешесінен үнемі кемсіту сөздер естіп, өзіне деген сенімі төмендегендер де "бейтаныс" дос іздейді екен.
"Ақшаға дос жалдау - жалғыздықтың белгісі. Мұндай адамдардың өз-өзін бағалауы төмен болып келеді. Олар адамдармен қарым-қатынас орнатуға қорқады. Сондықтан, өздерін алшақ ұстап, жалғыз жүргенді жөн көреді. Ал басына іс түскен кезде өкініштісі қасынан ешкім табылмай қалады", – дейді психолог Александр Пак.
Мамандардың айтуынша, жалғызсырап жүргендердің көбі әлеуметтік желіде белсенді. Бұл адамдар интернет арқылы танысуға бейім, алайда шынайы өмірде адамдармен қарым-қатынас құрудан қорқатынын көрсетеді. Сондықтан, қорқыныштан арылу үшін бейтаныс адаммен кездеспей, кәсіби психологтың көмегіне жүгінуге кеңес береді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
386
-
0
-
0
-
-
2🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
358
-
0
-
0
-
-
3🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
359
-
0
-
1
-
-
4💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
339
-
0
-
0
-
-
5👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
328
-
0
-
0
-
-
6🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
304
-
0
-
0
-
-
7☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
318
-
0
-
0
-
-
8👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
288
-
0
-
0
-
-
9🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
279
-
1
-
2
-
-
10🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
283
-
0
-
0
-