Солтүстік облыстарда түнде ауа температурасы минус 38 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон жылжиды және бірте-бірте республиканың басым бөлігін қамтиды.
15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, кей жерлерде қатты көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде 12-30 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градусқа дейін суық болады. 16 ақпанда ауа температурасы шығыста 18-35 градусқа дейін, оңтүстікте 10-30 градусқа дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 градусқа дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қарлы боран мен -30 градусқа дейін аяз болады