Тікелей эфир

Қазақстанда қарлы боран мен -30 градусқа дейін аяз болады

Республика бойынша қатты жел соғады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанда алдымен қатты жауын-шашын болып, кейін қысқа мерзімге күн суытады.

"Қара теңіз аймағынан Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжитын циклон бұрқасынмен бірге қалың қар жаууына ықпал етеді, сондай-ақ жауын-шашын, көктайғақ болады. Республикада жел күшейеді" – деп жазылған үш күндік ауа райы болжамында.


Оқи отырыңыз: Қарлы боран тоқтамайды: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктердің айтуынша, күннің күрт суытуы республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында болады. Мұнда түнде минус 20-30 градус болады деп күтілуде. Шығыста түнде 18-23 градус аяз болады.

Серіктестер жаңалықтары