Баспана кезегінде адамдардың төрт санатына басымдық беріледі.
Қазақстанда 91 мың көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол ОКҚ өткен брифингте.
Оның айтуынша, баспана кезегінде тұрған 621 мыңнан астам адам бар. Олардың ішінде Қазақстанда баспанаға мұқтаждығы бар және тұрмысы жағдайы төмен адамдардың төрт санаты белгіленген. Бұлар бойынша кезекте тұрғандардың жалпы саны 230 мыңға жуықтайды. Атап айтқанда:
- Көпбалалы отбасылар – 91 мың азамат;
- І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 51 мың азамат;
- Мүгедектігі бар баласы бар отбасылар – 24 мың азамат;
- Жетім балалар – 61 мың азамат.
Оқи отырыңыз: Сенатор: 70 мыңға жуық жетім бала заңды баспанасын ала алмай отыр
Еске салайық, 29 қыркүйек күні Сенат депутаты Амангелді Толамисов Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, Қазақстандағы жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл санатта тұрғын үй алу кезегінде 60 845 азамат тұр. 2021 жылы 1 211 адам тұрғын үй алса, ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл санаттағы 287 адам ғана үйлі болған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
301
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
290
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
291
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
303
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
308
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
328
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
319
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
344
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
295
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
276
-
0
-
0
-