USD: 466.3 / 468.7
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Қазақстанда IT қызметі көлемі өсіп келеді

ІТ қызметтің 90%-ы Астана мен Алматы қалаларында көрсетілді.

Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, экономиканың бақыланбайтын секторын қосқанда компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ сектордағы консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер көлемі 476,8 млрд теңге болды. Бұл – былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 56,4% көп көрсеткіш. Бұл туралы finprom.kz жазды.

Республика бойынша сектордағы барлық қызметтердің 90,4%-ы тек негізгі мегаполистер: Алматы мен Астанада көрсетілген. Алматыда бұл көрсеткіш 215,4 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан 28,2% артық. Елордада компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер көлемі бір жыл бұрын 108,5 млрд теңге болса, биыл 2 есеге жуық өсіп, 212,1 млрд теңгеге жетті.

Батыс Қазақстан облысы мегаполистерден үлкен алшақтықпен үшінші орында: бір жыл бұрын 1,6 млрд теңге болса, биыл 7,1 млрд теңге.


Оқи отырыңыз: Халық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қалай бағалайды?


Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау, Түркістан және Жетісу облыстарында тіркелді.

ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәліметінше, елімізде  жоғары оқу орындарының IT факультеттеріндегі студенттер саны артып келеді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау