Респонденттердің 4,4 пайызының полиция қызметіне көңілі толмайды.
Қазақстандықтар мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін өткен жылға қарағанда жоғары бағалайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының зерттеуінде айтылған, деп жазады Finprom.kz.
Жедел медициналық жәрдем орталықтары көрсететін қызметтердің сапасына толық қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі – 54,6 пайызды, өрт сөндіру қызметі – 50,2 пайызды құрады.
Полиция көрсететін қызметтердің сапасына қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі – 43,7 пайызды, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – 43,3 пайызды, салық қызметі – 43 пайызды, басқа мемлекеттік қызметтерге қанағаттанатындардың үлесі 39,9 пайызды құрады.
Ескерте кетейік, респонденттерге "қанағаттанбаймын", "ішінара қанағаттанамын" және "қанағаттанамын", сондай-ақ "жауап беруге қиналамын немесе қолданылмайды" жауап нұсқалары ұсынылды.

Зерттеу ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көбірек қанағаттанатынын көрсетті.
Мәселен, жедел медициналық жәрдем орталықтарының қызметтеріне ауыл тұрғындарының 56,9 пайызы, қала тұрғындарының 53,3 пайызы, салық қызметіне – ауыл тұрғындарының 49,6 пайызы және қала тұрғындарының тек 39,5 пайызы, ХҚКО-ларға – ауылда 48,7 пайызы және қалада 40,4 пайызы, полицияға – қаладағы 41,1 пайызға қарағанда ауыл тұрғындарының 48,5 пайызы қанағаттанды. Өрт сөндіру қызметтеріне екі топтың да жартысы қанағаттанын айтты.

Респонденттер көбінесе полиция қызметіне қанағаттанбайды. Зерттеуге қатысушылардың 4,4 пайызы бірден теріс баға берді.
Салық қызметтеріне респонденттердің 2,8 пайызының, ХҚКО-ға – 2,6 пайызы, жедел медициналық жәрдем орталықтарына – 2,5 пайызы, өрт сөндіру қызметіне –1,5 пайызының көңілі толмайды.
Оқи отырыңыз: Владислав Тен: Мемлекеттік қызмет иелеріне қазақ тілін білуді міндеттеу қажет
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
258
-
0
-
9
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
245
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
218
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
229
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
197
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
179
-
0
-
6
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
161
-
0
-
2
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
169
-
0
-
2
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
166
-
0
-
2
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
99
-
0
-
0
-