Тікелей эфир

Қазақстанда бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Зорлық-зомблыққа ұшыраған балаларды өмірге қайта бейімдеу үшін ең кемі 9 ай уақыт керек

Кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігіне баса назар аударған амбудсмен, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева елдегі балаларға қатысты ең өзекті мәселелерді қозғайтын заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Әлімжеттік көрсету, үлкендердің ұрып соғуы, отбасылық жанжал мен балалардың зорлануы қазір тиылар емес. Осы тұста бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева бірқатар заңға өзгерістер қажет деп арнайы жоба әзірлеген. Ол "Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық" атты жаңа бап енгізуді, оған қоса 4 Кодекспен 10 заңға 55 өзгерс енгізу қажеттігін ұсынды.


Оқи отырыңыз: Сәтбаевта 5 жасар бүлдіршінді зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды.


Түзетулердің ішінде педофильдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру және тергеу кезінде қамауға алу қажеттігі жазылған. Динара Зәкиева енгізуді ұсынған заң жобасының бірі – балалар мекемелерін тексеруге қойылған мораторийдің алынуы. Өйткені соңы уақыттарда балаларға қызмет көрсететін кәсіпорындарда зорлық-зомбылық жағдайлардың тым көбейгенін жеткізді. Осы тиымды алып тастап, балалармен жұмыс істейтін барлық ұйымды лицензиялауды енгізуді жоспарлауда. Бұл күндері түрлі қысымға ұшыраған балалардың психолог мамандарға да жүгінуі көбейген.

Мамандардың айтуынша, сұмдық жағдайдан есеңгіреп қалғандардың кейбірі өз-өзіне қол жұмсауға дейін оқталатын жағдай көп. Мінезі мен жүріс тұрысы бір мезетте өзгерген балаларды өмірге қайта бейімдеу үшін ең кемі 9 ай уақыт керек.

"Кез келген жан жарасы баланың болашағына әсер етеді. Бала кейін сол жан жарасын сақтап қалып,ересек өмірінде сол әрекетті баса балаларға істеуі мүмкін. бізге ата-аналар "Балам тұйық болып қалды. Бөлмесінен шықпай, оңашалана бастады. Ешкіммен сөйлеспейді, достарымен араласуды тоқтатты. Сұрақтарға жауап бермейді. Қойған сұрақтарға жылап қалады" деген шағыммен келеді", – деді Қалалық психикалық сауықтыру орталығының балалар психиатры Әлия Макенова.


Оқи отырыңыз: "Оған кешірім жоқ". Қызын зорламақ болған күйеуін сотқа берген Анар Боранбайдың сұхбаты.


Амбудсменнің ұсынған жобалары бір айдың көлемінде арнайы мамандар мен сарапшылардың талқысына түспек. Одан кейін парламентке жіберіледі.

Серіктестер жаңалықтары