Қазақстанда ауылдарды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді

Құжат жобасын әзірлеуге 1 қазанға дейін уақыт берілді.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 2022 жылғы 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді тапсырды. Жобаны әзірлеуге Ұлттық экономика министрлігі жауапты болса, оған мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың әкімдіктері де қатысады.

"Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлесін. Үшіншіден, облыстардың әкімдіктері ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етсін", – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр сонымен бірге Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұлттық жобаның көрсеткіштері мен іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Оқи отырыңыз: "Жер берсе, субсидия сұрамаймыз". Мал баққан шаруаның мұңы қандай?


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз