Тікелей эфир

Қазақстанда айлыққа салынатын жеке табыс салығы қайта қаралып жатыр

Жеке тұлғалар үшін тосын ештеңе болмайды.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қарапайым қазақстандықтар төлейтін салықтың қай түрі өзгеретінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі жазды.

"Жеке тұлғалар үшін тосын ештеңе болмайды. Салық жүктемесі сол күйінде қалады деген жоспар бар. Мысалы, 2000 жылдары әлеуметтік салық жүктемесі 29% деңгейінде болса, қазір 9%. Айлыққа салынатын жеке табыс салығы қайта қаралып жатыр", – деді Әлібек Қуантыров.


Оқи отырыңыз: Жаңа заң қабылданды: Бөлшек салық салу тәртібі қандай?


Сондай-ақ, ол пассивті табыс салығына прогрессивті шкала қалай қолданылатынн түсіндірді.

"Біз жеке табыс салығын саралауымыз мүмкін. Яғни, акциялар мен облигациялар, басқа да құнды қағаздар сияқты пассивті табыстың салығы көлеміне қарай өсіп отырады. Пассивті табыстың құны неғұрлым жоғары болса, салығы да жоғары болады. Мысалы, пассивті табыс құны 100-150 миллион теңгеден артса, салық мөлшері 15% болады. 200 миллион теңгеден жоғары болса, салық мөлшері 20%  болады. Мұның орта санаттағы азаматтарға қатысы жоқ", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары