Тікелей эфир

Қазақстанда әйелдер вагондарының танымалдылығы күрт өсті

"Жолаушылар тасымалындағы" мамандар қай пойыздарда мұндай вагондар бар екенін айтты.

2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 70 мың әйел пойыздың әйелдер вагондарында жүрді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде әйелдер вагонымен 34 мың әйел жүрген, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы".

Республика пойыздарында мұндай вагондар 2021 жылдың басынан бері пайда болған. Содан бері мұндай вагондарды 359 мың әйел пайдаланған. Әйелдер вагондары келесі пойыздарда қолжетімді:

  • №77/78 Алматы – Маңғыстау, №7 вагон купе;
  • №351/352 Алматы – Өскемен, №10 вагон купе;
  • №45/46 Павлодар – Түркістан, №9 вагон купе;
  • №37/38 Маңғыстау – Семей қ., №6 вагон купе;
  • №47/48 Атырау – Астана, №6 вагон купе;
  • №33/34 Ақтөбе – Алматы-1, №6 вагон купе;
  • №4/3 Астана – Алматы-2, №17 вагон купе;
  • №71/72 Астана – Шымкент, №10 вагон купе.

Оқи отырыңыз: Әйелдер вагоны тағы үш бағыттағы пойыздарға қосылады


Ер жолаушыларды әйелдер вагондарымен жүруіне жеті жасқа толмаған ұл балаларға ғана рұқсат етіледі. Мұндай вагондарда тек әйелдер жолсерік болып жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары