Прямой эфир Новости спорта

Қазақстанда абортқа тыйым салу мәселесі қаралып жатқан жоқ

Әйелдер құрсағындағы баланы дүниеге әкелу, әкелмеу мәселесін өзі шешуге құқылы.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сауалдарына жауап беру барысында Қазақстандағы аборт мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, қолданыстағы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, Қазақстанда әйелдердің репродуктивтік құқығы бар. Яғни, әйелдер құрсағындағы баланы дүниеге әкелу, әкелмеу мәселесін өзі отбасымен ақылдасып шешуге құқылы.

"Сондықтан, Қазақстанда абортқа тыйым салатын нормалар жоқ. Әзірге ондай тыйым салатындай нормалар енгізу қарастырылып жатқан жоқ", – деп түсіндірді министр.


Оқи отырыңыз: 


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары