Қазақстанда құқық қорғау органдары тергеу мен соттан қашып кеткен 2372 адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram арнасында жазды. Олардың 89%-ы 31-40 жас аралығындағы ер адамдар. Алаяқтық бойынша 510, ұрлық бойынша 318, адам өлтіру бойынша 146 адам іздеуде.
Облыстардың ішінде Алматы (514 адам), Астана (185), Шымкент (155), Алматы (143) және Қарағанды (140) облыстары іздеуде жүргендердің саны бойынша көш бастап тұр. Сонымен қатар, елімізде 2176 адам із-түзсіз жоғалған. Оның 287-сі – Алматы қаласынан, 221-і – Қарағанды облысынан, 170-і – Павлодар облысынан, 167-сі – Алматы облысынан.
Оқи отырыңыз: Пәтер жалдағанда алаяққа алданып қалмас үшін не білу керек?
Жоғалғандардың 77%-ы 30-49 жас аралығындағы ер адамдар. 1634 із-түзсіз жоғал адам үйінен кетіп, оралмаған, ал 74-і көліктерімен бірге жоғалып кеткен, 36-сы жұмыстан кейін үйлеріне оралмаған.