Тікелей эфир

Қазақстанда 20 мыңға жуық кітапханашы бар. Олар қанша жалақы алады?

Республикадағы кітапханалардың саны 11 мыңға жуық.

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиева "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы кітапханашылардың орташа жалақысын атады. 

"Кітапханашылардың орташа еңбекақысы 70-80 мың теңге көлемінде. Ұлттық академиялық кітапхана деген мәртебесі болса да, айлыққа қосымша ештеме қо­сылмайды. Біздің кітап­хана­шы­лардың тәжірибесі бар, басшылық қызметтегілердің өзі 120 мың теңге алады. Енді мұн­дай айлықпен "Отбасы" банктің бағ­дар­ла­маларымен де баспана алуға айлығы жетпейді", – деді Ғазиза Нұрғалиева.


Оқи отырыңыз: 


Ұлттық академиялық кітапхананың директорының сөзінше, Қазақстанда 11 мыңға жуық кітапхана бар. Оның ішінде 4 мыңға жуығы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық көпшілік оқырман кітапханалары. Қалғандары мектеп, колледж, жоғары оқу орындарына қарасты кітапханалар. Сонымен қатар түрлі ведмостволар мен ғылыми зерттеу институттарында да кітапханалар бар. Осы кітапханаларда 20 мыңға жуық кітапханашы жұмыс істейді.

"Бірақ біздің мамандар рухани тұрғыдан бай адамдар деп есептеймін. Айлығымыз аз деп жатқан олар жоқ. Жұмысқа қашанда құлшынып тұрады. Жалпы қоғамда соңғы жылдары кітап оқитын адамдардың саны артты. Соған сәйкес оларға қызмет көрсететін кітапханашыларға да қалаларда, аудандарда сұраныс бар. Кітапханаларда өтіп жатқан шаралардың бәрі оқыр­ман мәдениетін қалыптастыруда", – деді Ғазиза Нұрғалиева.

Серіктестер жаңалықтары