Қазақ-қырғыз шекарасында 40 тоннаға жуық бұзылған шие анықталды

Қазақ-қырғыз шекарасында 40 тоннаға жуық бұзылған шие анықталды. Залалданған өнімнің жалпы көлемі 39 тоннадан асады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мәліметінше, өткен аптада Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақта орналасқан Жамбыл облысының фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына жіберілген шиенің транзиттік карантинге жатқызылған өніміне инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізді.

Сол кезде шиенің карантиндік дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерімен зақымдануының екі жағдайы анықталды.

"ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар зарарлы өнім дереу экспорттаушы елге қайтарылды", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз