USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды

Ол 73 жаста еді.

“Қайрат” футбол клубының ардагер ойыншысы Сейілда Байшақов қайтыс болды. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

“Сейілда Иакрамұлы — қазақ футболының аңызы. “Қайраттың” құрметті ардагері отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосты және XX ғасырдағы Қазақстанның үздік футболисі болды. Ол футбол клубының құрамында 1971-1981 жылдар арасында ойнап, команданың көшбасшысы мен капитаны болды. 10 жыл ішінде 296 матчқа қатысып, 11 гол соқты”, — делінген хабарламада.

Сейілда Байшақов ойыншы ретіндегі крьерасын аяқтаған соң, клубта жаттықтырушы болып істеген. 

Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футбол федерациясында балалар мен жасөспірімдердің футболын дамыту бойынша еңбек етті. Федерацияның вице-президенті, сосын президенті болып істеді.

Informburo.kz порталы Сейілда Байшақовтың туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау