Полицейлер апатқа жүргізушілердің бірінің абайсыздығы себеп болғанын айтады.
Қарағанды маңында жол апаты бес адамның өмірін қиды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні сағат 10.00-де Ақсу Аюлы – Ақсу жолында болды. Reno жүк көлігі мен Toyota Camry соқтығысып қалған.
"Жүргізушілердің бірінің абайсыздығы салдарынан бес адам қаза тапты: Toyota жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы. Жүк көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.
Оқи отырыңыз: Ресейде Ил-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыштар қаза тапты
Құқық қорғау органдары оқиғаға кінәліні анықтайтын қылмыстық іс қозғады.