Тікелей эфир

Ресейде Ил-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыштар қаза тапты

Апат туралы ақпаратты Ресей қорғаныс министрлігі растады.

Ресей Федерациясының Иваново облысында Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Аймақ билігінің мәліметінше, ұшқыштар қаза тапқан.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ бортында 15 адам, оның ішінде 8 экипаж мүшесі болған. Бұқаралық ақпарат құралдары апатқа ұшыраған ұшақ «Северный» аэродромынан оқу-жаттығу рейсін жасап жатқан деп жазады.

Ұшақ жоспарлы рейсті орындауы керек еді. Апат Мәскеу уақытымен 13.00 шамасында болды. Қорғаныс министрлігі апатқа қозғалтқыштардың біріндегі өрт себеп болғанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, ұшақ апатының себептерін анықтау үшін Иваново аэродромына Ресей Аэроғарыш күштерінің бас қолбасшылығынан құрылған комиссия ұшқан.


Оқи отырыңыз: Түркиядағы ірі жол апаты: 10 адам қаза тауып, 59 адам жарақат алды


Қорғаныс министрлігі әзірге басқа құрбандар туралы ақпаратты растаған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары