Тікелей эфир

Қай өңірлерде бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады?

Барлық бастауыш сынып оқушысын тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын қосымша 150 млрд теңге қажет.

Қазіргі таңда 1-4 сыныпта оқитын 607 мыңнан астам оқушы мектепте тегін тамақтанады. Бұл еліміздегі бастауыш сынып оқушыларының 41 пайызын құрайды, деп жазылған премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың депутаттық сауалға берген жауабында.

Вице-премьердің мәлімдеуінше, бұл – Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар қалаларының оқушылары, сондай-ақ Ақмола және Маңғыстау облыстарының 1-сынып оқушылары.

Қыркүйек айынан бастап Алматы қаласының 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыру жоспарланып отыр.

"1,5 млн бастауыш сынып оқушысын 100 пайыз тегін бір реттік тамақпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын қосымша – 150 млрд теңге, 1-11 сыныптары үшін қосымша 380 млрд теңге қажет", – деп жазылған Ералы Тоғжановтың жауабында.


Оқи отырыңыз: Аружан Саин: Оқушылар мектепте тегін тамақтанып, тегін форма киюі қажет

Серіктестер жаңалықтары