Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова баспана кезегінде тұрған азаматтардың қанша уақытта үй алуы мүмкін екенін айтты.
Оның мәліметінше, бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрған 395 мың адам құжат тапсырған. Соның ішінде 350 мың азамат инвентаризациядан өтіп, талаптарға сай деп танылған.
"Қазір бізге 19 850 пәтер берілді. Олардың барлығы 5 пайыздық ипотека арқылы ұсынылады. Сонымен қатар жалдамалы баспана бағдарламасы да бар. Жоспар бойынша биыл кезекте тұрған 25 мың отбасы баспаналы болады. Осы қарқын сақталса, 350 мың адамның барлығы шамамен 10 жылдың ішінде үй алады деп сенеміз", – деді Ләззат Ибрагимова үкіметте өткен брифингте.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 50 мыңнан астам адам қауіпті тұрғын үйде тұрып жатыр. Ең көп апатты үй қай өңірде?
Сонымен қатар инвентаризация барысында тұрғын үй кезегінен 50 мың адам шығарылған. Себебі, олардың бұрын баспанасы болғаны анықталған.
USD:
491.5 / 494.3
EUR:
568.0 / 573.0
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…