Тікелей эфир

Кентауда мүгедек студенттер мерзімі өтіп кеткен тамақ ішіп келген

Колледждің арнайы фельдшерлік пунктіндегі дәрілердің де жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.

Еліміздегі мамандандырылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған жалғыз мекемеде студенттерге мерзімі өтіп кеткен тамақ берілді. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.

Түркістан облысының прокуратурасы Кентау қаласында орналаcқан "Арнайы кәсіптік колледжде" оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады.

Прокурорлық тексеру барысында колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды.

"Сапасыз білім берудегі бұзушылықтар, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны белгілі болды. Мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен ескіру мерзімі өткен медициналық препараттарды қолданған", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Павлодарда екі балаға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған


Тексеру нәтижесімен заң бұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізді.

Серіктестер жаңалықтары