Темір тордан босатылғанына көп ұзамай қылмысын қайталамақ болған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сотталған азамат Кентау қаласында былтыр сәуірде кешкі сағат 20:30 шамасында үй ауласында ойнап жүрген жасөспірімді қинап алып кеткен. Оқушы қарсылық көрсетпеу үшін қызды аяусыз ұрып-соғып, қылқындырған. Абырой болғанда, ер адам арам ойын жүзеге асырып үлгермеген.
Тұрғындардың бірі көріп, көмекке ұмтылып, ол қашып үлгерген. Айта кету керек, қатты соққыдан қыздың бетіне зақым келген. Ал сотталушының сол сәтте ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталған. Сот барысында ол өз кінәсін толық мойындаған жоқ.
Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: 10-15 жыл бұрын сотталған педофилдер қазір бостандыққа шығуы мүмкін
"Мемлекеттік айыптаушы айыпты қолдап, сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуін белгілеуді сұраған", – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.