Асхат Аймағамбетов: 10-15 жыл бұрын сотталған педофилдер қазір бостандыққа шығуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педофилдерге қатысты жазаны күшейту керек екенін айтты.

Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берді. Бұл туралы Қазақпарат халықаралық ақпарат агенттігі жазды.

"Педофилдерді кем дегенде өмір бойы қамауда ұстау керек. Екіншіден, оларға қатысты тек химиялық емес, хурургиялық кострацияны да енгізу қажет", – деді ол.

Оның айтуынша, 10-15 жыл бұрын сотталған педофилдер қазір бостандыққа шығуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: "Анаңа айтсаң, аямаймын". Зорлық көрген балалардың құқығын кім қорғайды?


"Бұл адамдар химиялық кастрация салдарынан ағзасындағы бауыры немесе басқа да мүшелеріне зияны тиеді деп айтуы мүмкін. Біздің ойымызша, химиялық және хирургиялық кастрация міндетті болуы керек", – деді депутат.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз