Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Кентау қаласының 900 гектар өнеркәсіптік аумағын төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялау жоспарланып отыр. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.
Экология министрлігінің мәлімдеуінше, аталған аумақта жер бетінің табиғи және техногендік сипатта бұзылуы қарқын алған. Жер бетін картс (әктас) басып барады. Сәйкесінше, бұл аумақта болу адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Аумақ төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жарияланғаннан кейін бұл жерге адамдардың келіп-кетуіне шектеу қойылып, жаңа кәсіпорындардың салынуына тыйым салынады. Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға уақытша тыйым салынбақ.
"Өнеркәсіптік аймақтың шекарасы аумақты пайдалануды шектейтін белгілермен белгіленуі керек, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары белгіленген Төтенше жағдай аймағының шекарасынан шығарылуы керек. Су тазарту қондырғысы мен Баялдырға баратын жолды Өндірістік аймақ шекарасынан тыс жерге көшіру керек, өйткені бұл нысандар карст түзілуі қарқынды дамып жатқан аумақта орналасқан" делінген министрліктің хабарламасында.
Мамандардың түсіндіруінше, аумақта карсттың қарқынды түзілуі Бүкілодақтық тау-кен геомеханика және маркшейдерлік іс ғылыми-зерттеу институты және Қазақ тау-кен геомеханика және маркшейдерлік іс ғылыми-зерттеу институты жүргізген аспаптық бақылаулармен расталған.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 6 ауыл тұрғыны сусыз қалғаны үшін кәсіпкерді кінәлады