USDUSD: 507.5 / 510.1
  • EUREUR: 522.5 / 526.5
  • RUBRUB: 5.17 / 5.29
Тікелей эфир
Алматы -7C
  • -7°C Алматы
  • -14°C Астана
  • -1°C Ақтау
  • -16°C Ақтөбе
  • -7°C Атырау
  • -20°C Балқаш
  • -20°C Жезқазған
  • -16°C Қарағанды
  • -12°C Көкшетау
  • -14°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -12°C Павлодар
  • -12°C Петропавл
  • -11°C Семей
  • -14°C Талдықорған
  • -2°C Тараз
  • -1°C Түркістан
  • -11°C Орал
  • -8°C Өскемен
  • -1°C Шымкент
Алматы -7C
  • -7°C Алматы
  • -14°C Астана
  • -1°C Ақтау
  • -16°C Ақтөбе
  • -7°C Атырау
  • -20°C Балқаш
  • -20°C Жезқазған
  • -16°C Қарағанды
  • -12°C Көкшетау
  • -14°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -12°C Павлодар
  • -12°C Петропавл
  • -11°C Семей
  • -14°C Талдықорған
  • -2°C Тараз
  • -1°C Түркістан
  • -11°C Орал
  • -8°C Өскемен
  • -1°C Шымкент

Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісін ҰҚК қамауға алды

Қайрат Примбердиев. Фото ашық дереккөздерден алынды
Қайрат Примбердиев. Фото ашық дереккөздерден алынды
Оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті әнші Қайрат Примбердиевті ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдеме жасағаны үшін қамауға алып, оның елден шығуына тыйым салды, деп хабарлады 24.kg

Басылымның жазуынша, қазіргі уақытта тиісті тергеу және процессуалдық шаралар жүріп жатыр. Қырғызстанда нәсілдік, ұлттық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, қырғыз әншісі Қайрат Примбердиевті қазақстандық "Айран медиа" жобасына қатысып, бағдарлама кезінде қазақ ханы Кенесарының басын кескен Ормон хан үшін өз атынан кешірім сұраған болатын.

Кейін Қайрат Примбердиев бұл сұхбат туралы пікірін айтып, кешірімді бүкіл қырғыз халқының емес, жеке өз атынан сұрағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бір сағат уақытқа жуық созылған сұхбатты толық тыңдайтын болса, оның не айтқысы келгені анық болады. 


Оқи отырыңыз: Көшпенділер ойындарына қатысқан қырғыз спортшылары тағы шағымданды. Бұл жолғы себеп – көкпар емес


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
12

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары