Тікелей эфир

Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ол 2020-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған.

Кемелбек Ойшыбаев "Хабар Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" мамандығын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Швейцарияда Geneva Business School (MBA) оқу орнын бітірген.

Кемелбек Ойшыбаев “Столичное обозрение - Атамұра” газетінде, "Интерфакс-Казахстан" ақпараттық агенттігі" ЖШС, "Қазақтелеком" АҚ, "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС, "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ, "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ, "Рухани Жаңғыру" Қазақстандық қоғамдық даму институты, Ұлттық Медиа Қауымдастығы т.б. мекемелерде және ондағы бөлімдерде басшылық қызметтер атқарған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған.


Оқи отырыңыз: Мақпал Жұмабай "Тіл-Қазына" ұлттық-ғылыми орталығының бас директоры болып тағайындалды.


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары