Алматы облысында қызды жарты жыл бойы аңдыған ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы облыстық соты хабарлады.
Сот материалдарына сәйкес, ер адам былтыр қыркүйек айынан бастап жәбірленушіні еркіне қарсы жүйелі түрде мазалаған.
"Ол бірнеше рет қоңырау шалып, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы хабарламалар жіберген. Жәбірленуші оны бұғаттағаннан кейін де байланыс орнату әрекеттерін тоқтатпаған. Тіпті Kaspi.kz қосымшасы арқылы жәбірленушінің шотына аз мөлшерде ақша аударып, аударым мәтініне хабарламалар жазып отырған. Бұл әрекеттер бірнеше рет қайталанған", – делінген сот хабарламасында.
Салдарынан жәбірленуші үнемі үрей мен қорқыныш сезімін бастан кешіріп, ұйқысы бұзылған. Оның психикалық жай-күйіне елеулі зиян келіп, қалыпты өмір салты өзгерген.
Оқи отырыңыз: "Бұрынғы жұбайын қудалап, қорқытқан". Алматыда "сталкинг" бабы бойынша алғашқы сот үкімі шықты
Сот ер адамды қылмыстық кодекстің 115-1-бабы (сталкинг) бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07