Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, президент қайғылы оқиғада аман қалған сарбаздарды да марапаттады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде ажал құшқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды. 

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" ордені:

  • Мұхтарұлы Олжас (марқұм) – 29011 әскери бөлімі взводының командирі;

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" ордені:

  • Аяпберген Сержан Талғатұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Бегей Дастан Нұрболұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  • Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Гилаж Ақжайық Болатбекұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Диханбаев Олжас Тәжібайұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Жаңабай Әсет Саматұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
  • Көбенов Алмас Жүсіпұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Мәдіхан Азамат Болатбекұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
  • Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
  • Төлеген Ақылбек Қабденұлы (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  • Тұрдыбекұлы Мирас (марқұм) – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Сондай-ақ, қайғылы оқиға кезінде аман қалған сарбаздар да мемлекеттік наградаларға ұсынылды. 

"Ерлігі үшін" медалі:

  • Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
  • Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
  • Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау