USD: 472.7 / 475.7
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Каспий құбыр консорциумына тағы да дрондар шабуылдады. Энергетика министрлігінің ұстанымы қандай

Фото: КҚК
Фото: КҚК
КҚК теңіз терминалы маңында дрон шабуылы болды

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында тағы да ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы мұнай тиеуді аяқтап жатқан кезде тиеу манифольды ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшыраған. Осыған байланысты қауіпсіздік мақсатында КҚК мұнай тиеу жұмыстарын уақытша тоқтатқан. Сонымен қатар тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6-7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшыраған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ және мұнайдың төгілуіне жол берілмеген.

Шабуыл салдарынан шыққан өрт КҚК-ның үш буксирінің көмегімен сөндірілген. Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау