"Кабинетті тазалауға мәжбүрледі". Атырауда мұғалімнің жазбасынан кейін тексеріс басталды

Фото: https://www.threads.com/@sandjiina
Фото: https://www.threads.com/@sandjiina
Ұстаз сыныпты өз ақшасына жөндегенін айтты.

Атыраудағы мектептердің бірінде мұғалімдерді сыныптарды жаңа оқу жылына дайындау жұмыстарына мәжбүрлі түрде тарту туралы ақпарат тарады. Бұл туралы педагог әлеуметтік желідегі Threads парақшасында жазып, мектеп әкімшілігінің WhatsApp чатындағы хабарламаларын жариялаған. Осыдан кейін облыстық білім басқармасы тексеріс бастады.

Педагогтің жазбасына сәйкес, мектеп басшылығы мұғалімдерге тозығы жеткен сыныптарды жаңа оқу жылына дайындауды тапсырған. Олардың қатарында тазалау, жөндеу және кабинетті ретке келтіру жұмыстары болған. Мұғалім қажетті құрал-жабдықтар мен тазалыққа арналған заттарды өз қаражатына сатып алғанын айтады.

Сондай-ақ мектеп әкімшілігі мұғалімдерге кабинет дайындау жұмыстарынан бас тартқан жағдайда, оларға кабинет берілмейтінін ескерткен. Педагогтің сөзінше, тіпті аспалы шамдардың шаңын сүрту де тапсырылған.

Ұстаз бұл жағдайды Threads желісінде жариялап, басшылықтың WhatsApp чатында жазған хабарламаларын да қоса көрсеткен.

Әлеуметтік желіде тараған жазбаға қатысты Атырау облыстық білім беру басқармасы тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.

Басқарма өкілі Ләззат Өтепованың айтуынша, тексеру барысында қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталса, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Ведомство педагогтердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау