USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 559.0 / 564.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылыққа шықты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Дауға діни оқу орындарында білім алатын жастарға беріліп келген әскерден босату жеңілдігі себеп болған.

Израильде мыңдаған еврей Нетания қаласының маңындағы Бейт-Лид әскери базасында орналасқан №10 әскери түрме алдында жаппай наразылық акциясын өткізді. Олар міндетті әскери қызметке қарсы шығып, әскерге барудан бас тартқаны үшін қамауға алынған азаматтарды босатуды талап етті, деп жазды Euronews.com

Наразылық шеруі Израиль бірнеше бағыттағы әскери қауіп-қатерге тап болған кезеңде өтті. Осыған байланысты әскерге шақыру мәселесі ел үкіметі, қорғаныс құрылымдары мен қоғам үшін аса өзекті тақырыпқа айналып отыр. Қауіпсіздік күштері түрме маңына қосымша жасақ орналастырып, су шашатын арнайы техниканы да дайындады. Наразылық білдірушілер әскери нысанның кіреберісіне жиналды.

Даудың негізгі себебі – діни оқу орындарында толық уақыт білім алып жүрген жастарға беріліп келген әскерден босату жеңілдігі. Бұл тәжірибе Израиль мемлекеті құрылған 1948 жылдан бері қолданылып келеді.

Парламент комитетінің мәліметінше, жыл сайын шамамен 13 мың ультраортодокс ер азамат әскерге шақыру жасына жетеді. Алайда олардың 10 пайыздан азы ғана әскери қызметке барады.

Соңғы уақытта Израильдің Газа секторындағы, Ливандағы және Сириядағы әскери операцияларының жалғасуы, сондай-ақ Иранмен арадағы шиеленістің күшеюі бұл мәселеге саяси тұрғыдан ерекше мән беріп отыр.

2017 жылы Израильдің Жоғарғы соты мұндай жеңілдіктерді заңсыз деп танығанымен, кейінгі үкіметтер бұл тәжірибені сақтап қалды. Соңғы апталарда ультраортодокс партиялардың премьер-министр Биньямин Нетаньяху бастаған коалицияны қолдаудан бас тартуы аталған мәселе төңірегіндегі саяси қысымды одан әрі күшейтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз