USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық шетелден экстрадицияланды

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
Терроризмге күдікті төрт азамат Қазақстанға жеткізілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстанның төрт азаматын елге қайтарды.

Ведомствоның хабарлауынша, 7 және 12 мамыр күндері шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен терроризмге қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген төрт азамат Қазақстанға жеткізілген.

"Олар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген. ҰҚК жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталып, елге қайтарылды", – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Комитет мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз