USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

IT маман, дәрігер, педиатр: Қазақстанда 50-ден астам мамандық бойынша шетелдіктерге мүмкіндік берілді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда кадр тапшылығына байланысты шетелдік мамандар тартылады.

Қазақстанда білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылып жатыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, мемлекет сұранысқа ие 50-ден астам мамандықты арнайы тізімге енгізген. Оның қатарында ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия салаларындағы жоғары білікті мамандар бар.

Тізімге енген мамандық иелеріне Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. Бұл тетік елдегі басым салаларға қажет кадрларды тартуға бағытталған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметке сәйкес, 2026 жылдың басынан бері бірқатар мамандықтар бойынша кадр тапшылығы сақталып отыр.

Enbek.kz порталының дерегінше, "акушер-гинеколог" мамандығы бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме тіркелген. "Педиатр" мамандығында 448 вакансияға 139 түйіндеме, ал "анестезиолог-реаниматолог" бағыты бойынша 300 бос орынға 75 түйіндеме ғана бар. Сондай-ақ онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына сұраныс жоғары екені айтылды.

Ақпараттық технологиялар саласында да кадр тапшылығы байқалады. Атап айтқанда, қолданбалы бағдарламашыларға 509 вакансия, графикалық дизайнерлерге 355 бос жұмыс орны ұсынылған.

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі дерегіне сәйкес, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 45 мыңнан астам еңбек шарты жасалған. Оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері шамамен 8 мың, акушер-гинекологтар – 4,6 мың, педиатрлар – 4,1 мың және қолданбалы бағдарламашылар – 3,5 мың еңбек шартын құрайды.

"Сонымен қатар шетелдік жұмыскерлермен 55 еңбек шарты рәсімделген. Олардың басым бөлігі "автоматтандыру инженері" мамандығына тиесілі. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы Enbek.kz порталында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Әсіресе медицина саласындағы мамандарға сұраныс жоғары болып отыр, – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, ішкі еңбек нарығы көптеген мамандық бойынша қажеттікті қамтамасыз етіп отырғанымен, денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы әлі де өзекті мәселе күйінде қалып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау