Тікелей эфир

Із-түссіз жоғалып кеткен елорда тұрғыны табылды

Полицияға 77 жастағы ана медициналық мекемеде есепте тұрған ұлының жоғалып кеткені туралы арызданған.

Астана қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іздеуде жүрген 54 жастағы елорда тұрғынының жүрген жерін анықтады.

Полицияға 77 жастағы ана медициналық мекемеде есепте тұрған ұлының жоғалып кеткені туралы арызданған.

"Елордалық тәртіп сақшылары еріктілермен бірге із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге жұмылдырылып, барлық маңай тексерілді. Жедел іздестіру шаралары барысында ер адам "Шарын" базарының аумағынан табылды. Қазіргі уақытта ол туыстарына берілді. Табылған азамат үйінде жағдайы қалыпты", – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның туыстары елордалық полицейлерге жақынын іздегені үшін алғыс айтты. 

Айта кетсек, жыл басынан бері полицияға азаматтардың, оның ішінде балалардың із-түссіз жоғалуы туралы 3 669 арыз түссе, жоғалғандардың көпшілігі 24 сағат ішінде табылып, қалғандарының орналасқан жері іздестіру шаралары барысында анықталған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары